Қазақстанда 2013 жылы инфляция деңгейі 2012 жылдың көрсеткішіндей болады
Қазақстанда 2013 жылы инфляция деңгейі 2012 жылдың көрсеткішіндей болады, деп санайды Ұлттық банк басқармасының төрағасы Григорий Марченко. |
"Ұлттық банктің орташа мерзімдегі ақшалай-несиелік саясатының басты мақсаты- бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін 6-8% шегінде ұстап қалу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық банктің қолында құралдардың классикалық жиынтығы баршылық, олар экономикадағы ақшалай ұсынысты икемді реттеуге бағытталған. Экономикада инфляциялық қысым күшейген жағдайда Ұлттық банк ақшалай-несиелік саясат сипатын қатайта түспек. Тұтас алғанда, 2013 жылы инфляция деңгейі 2012 жылдың көрсеткішіндей болады деп күтудеміз", деді ол profinance.kz. сайтында онлайн-конференциясында.
Г.Марченко атап өткендей, 2013 жылы Ұлттық банктің алдында елде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалу міндеті тұр.
Сонымен қатар, Ұлттық банктің жетекшісі атап өткендей, валюталық рынок пен бағалы металдар рыногы бүгінгі күнде ең құбылмалы болып отыр. Сол себепті оларға қатысты қысқа мерзімге де, ұзақ мерзімге де баға беру қиын.
Қазақстанда 2012 жылы қараша айында инфляция 0,7% құрады, жылдың басынан бері - 5,3%.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін