Қазақстанда 2020 жылға дейінгі Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспарлануда
Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, |
онда еңбек дауларын реттеу мен шешу жөніндегі әлеуметтік серіктестік институты мәселелері қарастырылды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда 2020 жылға дейінгі Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары енгізілетін болады. Оның аясында экономикалық жұмыстың барлық түрлері бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеу көзделуде», - делінген хабарламада.
2013 жылдан бастап еңбек заңнамалары негіздері бойынша құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар әлеуметтік жаңғырту мақсаттарына сай, кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау мақсатында кәсіподақтар туралы заңнамалар жетілдірілетін болады.
Қазіргі кезде әлеуметтік ширығулардың алдын алудың және әлеуметтік-еңбек дауларын шешудің бірқатар нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық бағыттағы басым шаралары енгізілген кешенді жоспары әзірленіп, қабылданған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін