Қазақстанда 2024 жылға дейін тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2024 жылға дейін тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы мақұлданды

Қазақстанда 2024 жылға дейін тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы мақұлданды

АСТАНА. 16 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007-2024 жылдарға дейін республиканың тұрақты дамуына көшу тұжырымдамасы мақұлданды. Мәтіні ресми басылымдарда жарияланған тиісті бұйрыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 16 Қараша 2006
  • 1274
Фото - Caravan.kz

Президент әкімшілігі әзірлеген Елбасы бұйрығына қатысты түсініктемеде «Тұжырымдаманың басты мақсаты , Қазақстан Республикасын дамыту барысында өмір сапасын жақсарту және елдің ұзақ мерзімді бәсекелестік қабілетін арттырудың негізі болып табылатын экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси қырларының тепе -теңдігіне қол жеткізу»,-деп көрсетілген.

Тұжырымдама елдің тұрақты дамуына көшу тетіктерінің принциптерін, басымдықтары мен бағыттарын айқындайды. Құжатта : «Ресурстардың, механизмдердің және даму құралдарының ықпалдасуы қамтамасыз етілуі тиіс. Алда инновациялық «ілгерілеу технологиялары» негізінде экономика аясы кеңейеді»,-делінген.

Құжатта айтылғандай, » Концепцияның жүзеге асырылуы өмір сүру сапасының бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің деңгейіндегідей, ресурстарды экономиканы дамыту механизмдерінің негізгі бір құралы ретінде нәтижелі пайдалануға, 2024 жылға дейін халық санының 18 млн. дейін өсуіне , еңбек ресурстары сапасының жақсаруына, антропогендік қысымдардың және «тарихи» экологиялық мәселелердің шешілуінен қоршаған орта ахуалын жақсартуға, ел аймақтарының дамуының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта