Жарияланды: 370

Қазақстанда 21.12.12-де күн жылынады, алайда жел күшейеді

Қазақстанда 21.12.12-де күн жылынады, алайда жел күшейеді

Қазақстанның бірқатар облыс орталықтарында 21 желтоқсан күні аязды күн райы, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысында түнде 20-22 градус аяз болады, күндіз - 11-13 градус суық, күндіз желдің күші 17 м/с дейін жетеді, жауын-шашынсыз. Атырау облысында түнде 10-12 градус нөлден төмен, күндіз сынап бағанасы 7-9 градус суықты көрсетеді, күндіз желдің күші 18 м/с дейін жетеді, күн ала бұлтты, қар жауып, бұрқасын болады. Маңғыстау облысында түнде минус 5-7 градус, күндіз - 0-2 градус суық болады, кейде қар жауады, түнде 18 м/с дейін жел соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысында түнде 15-17 градус нөлден төмен, күндіз - 9-11 градус суық болады, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, жел екпіні 18 м/с дейін жетеді. Қостанай облысында түнде 26-28 градус аяз, күндіз сынап бағанасы 18-20 градус суықты көрсетеді, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысында түнде 26-28 градус, күндіз - 21-23 градус нөлден төмен, жауын-шашынсыз. Ақмола облысында түнде 25-27 градус суық, күндіз сынап бағанасы 18-20 градус аязды көрсетеді, жауын-шашынсыз. Павлодар облысында түнде 33-35 градус аяз, күндіз - 26-28 градус нөлден төмен, жауын-шашынсыз. Қарағанды облысында түнде 27-29 градус нөлден төмен, күндіз 20-22 градус суық болады, жауын-шашынсыз. Шығыс Қазақстан облысында түнде 36-38 градус аяз, күндіз 27-29 градус нөлден төмен, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысында түнде 29-31 градус суық, күндіз 20-22 градус аяз болады, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жамбыл облысында түнде 26-28 градус суық, күндізгі ауа температурасы 8-10 градус суықты көрсетеді, жауын-шашынсыз. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде 13-15 градус, күндіз 1-3 градус суық болады, жауын-шашынсыз. Қызылорда облысында түнде 18-20 градус суық, күндіз ауа температурасы 10-12 градус нөлден төмен, жел екпіні 17 м/с дейін жетеді, жауын-шашынсыз. Алматы қаласында түнде 21-23 градус нөлден төмен, күндіз 11-13 градус аяз болады, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Қазақстан елордасы Астана қаласында ертең күндіз 18-20 градус, түнде - 28-30 градус аяз болады, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін