Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне сүйенсек, есептік мерзімге дейін ауыл шаруашылығын өндірушілер 15 185,7 мың га алқапты жинады. Бұл өңірлердегі жинау алқаптарының 99,3%-ын құрайды.
Орташа өнімділік 14,1 ц/га-ны құрайды. 2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 13 970,8 мың гектар алқап жиналып, бұл облыстардың жинау алқаптарының 91,5%-ын құрады, 20811,1 мың тонна астық жиналды. Орташа өнімділік 14,9 ц/га-ны құраған.
Ал, 2017 жылы жинау алқаптары 15 293,3 мың га жерді құраса, 2016 жылы — 15275,1 мың га болған.