Білім және ғылым министрлігі мәлімдегендей, 25 мамыр күні министрдің қаулысымен Қазақстанның барлық жалпыға бірдей блім беретін мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өткізіледі.
«2011 жылы жалпыға білім беретін мектептерде 9 сыныпты 254 163, 11 сыныпты 163 921 оқушы бітіріп шщығады», — делінген ведомство хабарламасында.
Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша, 5041 оқушы «Алтын беліден» үміткер, былтыр олардың саны 3439 бала болатын.