Қазақстанда 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталады

Қазақстанда 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталады

Қазақстан аумағына Сібір антициклоны ықпалын тигізіп 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталады.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 127
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК Ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан аумағындағы ауа райына келер болсақ, қазір құбылмалы ауа райы сақталып тұр. Яғни, Оңтүстік Каспий циклонының пайда болуымен Қазақстанда қарқынды түрде қар жауып жатыр. Бұрқасын, 15-20 м/с екпінді жел және жолдарда көктайғақ байқалады. Осындай ауа райы 2-3 күн бойы сақталады», — дейді Қазгидромет өкілі.

Оның айтуынша, 24 желтоқсан күні Қазгидромет және оның филиалдарымен дабылды ескертулер жасалып, барлық мекемелерге осы туралы хабарланған.


«28 желтоқсанан бастап Қазақстан аумағындағы ауа-райы тұрақталады. Оған Сібір антициклоны ықпалын тигізіп, ауа температурасы төмендейді. Республикамыздың батысында түнгі уақыттарда 10-15 кей жерлерде 20 градус, солтүстік аумақтарда 20-25 кей жерлерде 28, шығысында 20-25 кей жерлерде 30 градус аяз байқалса, оңтүстікте — 5-10 кей жерлерде 15-20 градусқа дейін төмендейді», — дейді Ардақ Қалменова.

Соңғы жаңалықтар