Қазақстанда 3 айда ковид пен пневмониядан расында да 24 мың адам қайтыс болған ба?: Үрейлі деректер келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 3 айда ковид пен пневмониядан расында да 24 мың адам қайтыс болған ба?: Үрейлі деректер келтірілді

Қазақстанда 3 айда ковид пен пневмониядан расында да 24 мың адам қайтыс болған ба?: Үрейлі деректер келтірілді

Адам шығыны туралы аса үрейлі деректер келтірілді. 

  • 18 Қыркүйек 2020
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы алдымен әлеуметті желіде Kairat Davletov жазды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

Бұған дейін осы жылдың мамыр және шілде айларын аралығында Қазақстанда орын алған артық өлім туралы жарияланған мәліметтер мен коронавирустан болған өлім-жітім біздің ел үшін қайғылы болды. Сондықтан 2020 жылдың шілде айының нәтижелерін асыға күттім. Статистика комитеті шілде айындағы өлім туралы ай сайынғы мәліметтерді жариялады. Шынында да мен күткеннен де жаман нәтиже шықты. Қазақстанда 2020 жылдың шілдесінде коронавирустың салдарынан болған өлім-жітім өткен жылдармен салыстырғанда шамамен 15-16 мыңға артық адамды құрады. Мамыр-шілде айларындағы артық өлім-жітім жайлы шағын тізім жасадым. Шамамен 23-24 мың адам өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда артық шығын болған.

Мүмкін барлығы коронавируспен тікелей байланысты болмауы мүмкін, созылмалы аурулар, сондай-ақ өзге де факторлар болуы ықтимал. Нақты анықтау үшін толық мәліметтер болу керек (жынысы мен жасы, аймақтарына, қайтыс болған жерлеріне және т.б.) Бірақ өлім-жітімнің көп бөлігі коронавирустық эпидемиямен байланысты екендігі анық.

Үкімет әр түрлі факторларға байланысты эпидемия кезіндегі өлім-жітімге тәуелсіз және бейтарап талдау жасай алады ма және дайын бола ма? Бұл эпидемия аяқталмағандықтан және оның екінші толқыны мүмкін болған жағдайда қажет нәрсе, деп жазды Қайрат Дәулетов мырза.

Сондай-ақ төмендегідей тізім жасапты.


Шынында да, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті көңіл көншітпейтін сандар келтіреді, деп жазды exclusive.kz

Жалпы осы жылдың 1 қаңтарынан 31 шілдесіне дейін елде 93 146 адам қайтыс болды, оның тек 28 178-і шілде айында көз жұмған. 2020 жылдың шілдесіндегі өлім-жітім 2019 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,3 есе өсті! 2020 жылғы шілде айындағы өлім коэффициенті 2020 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,9 есеге өсті.

Үстіміздегі жылдың 7 айында жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы бар науқастардың саны 355299 жағдайды құарады, шілдеде – 45599 адамды құрады. Тағы да, анықталмаған этимологияның жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциясы бар науқастардың 2019 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,3 есе деңгейінде тіркелді. Ал шілдеде бұл аурудың маусым айымен салыстырғанда өсуі 181,3% құрады. Бұл тек ресми тіркелген жағдайлар. Үйде қанша адамның емделгені белгісіз және олар ешқандай мәліметтер базасында жоқ?!

Сонымен қатар, ресми статистика келесі цифрларды береді — 16 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 1948 адам ковидтен қайтыс болды, 332 адам вирустық пневмониядан қайтыс болды (1 тамыздан бастап).