Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап болады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап болады

Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап болады

"Қазгидромет" 23, 24 және 25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

  • 22 Маусым 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер болжамы бойынша, алдағы үш күнде солтүстік циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды ​​облыстарының оңтүстігінде аптап күтіледі — 40 градус. Қызылорданың оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында аптап болады деп болжанған — 45 градус. Жамбыл облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі — 43 градус", — делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұрқасын, жел, бұршақ болуы мүмкін.