Жарияланды: 320

Қазақстанда 4,5 мыңнан аса ресейлік компания жұмыс істейді

Қазақстан аумағында 4,5 мыңнан аса ресейлік компания жұмыс істейді, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников.

Бұл туралы ол бейсенбіде Астанада Қазақстандағы экспортер ресейлік компаниялардың бизнес-миссиясы барысында айтты. Сонымен қатар, оның деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында бірлескен ресейлік және қазақстандық капиталы бар 9 мыңнан аса компания тіркелген. "Біздің елдің басшыларының саяси еркімен орнаған қолайлы жағдайға сүйенген компаниялар және бизнес өз ара жаңа келісімшарттар жасасып, экономикалық ықпалдастықты дамытып келеді", деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін