Қазақстанда 46 конфессияның 17-сі ғана заңды деп танылды - Дін істері агенттігінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 46 конфессияның 17-сі ғана заңды деп танылды - Дін істері агенттігінің басшысы

Қазақстанда 46 конфессияның 17-сі ғана заңды деп танылды - Дін істері агенттігінің басшысы

Қазақстанда бұған дейін тіркелген 46 конфессияның 17-сі ғана заңды деп танылды.

  • 15 Қараша 2012
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан дін танушыларының ІІ форумында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

Діни бірлестіктерді қайта тіркеу көптеген қауымдардың діни ұстанымын бақылауға жағдай жасағандығын баса назар аударған Қ. Лама Шариф: «Сарапшылардың жұмысы негізінде діни бірлестіктердің жаңа сыныптамасы жасалды. Елімізде бұған дейін тіркелген 46 конфессия мен деноминациялардың 17-сі ғана заңды деп табылып отыр. Кезінде жекелеген діни бірлестіктер кейбір жағдайларда жаңылысып дербес конфессиялар ретінде есептеліп кеткен болатын»,-деді.

Агенттік төрағасының айтуынша, осыған орай діни ұстанымы бірдей діни бірлестіктер конфессия бойынша топтастырылды. Мәселен, бұрын жеке конфессия ретінде есептелген «Назариямин» миссиясы, «Грейс», «Надежда», «Эммануил» қауымдары пресвитериандық шіркеулердің бір конфессиясы аясына кіргізілді. «Сон Бок Ым», «Новая жизнь», «Агапел», «Жадва», «Толық інжіл» шіркеуі, «Блогодать» секілді діни бірлестіктер елуіншілер шіркеулері құрамына топтастырылды.

«Біздің пікірімізше, сарапшы қоғамдастық тарабы қайта тіркеу үрдісінің нәтижелерін теориялық жағынан зерделеп, ой елегінен тағы бір өткізуі қажет»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар