Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖК мәліметінше, алдағы күндері Атырау облысында күн ысып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.
Ал Қызылорда облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін жоғарылайды деп болжанып отыр. Кей аумақта желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында да күн ыстық болатыны айтылады: 35-38 градус, кей аумақта 40-42 градус ыстық болады деген болжам бар.