Қазақстанда 50 жастан асқан әрбір үшінші әйел мен 60 жастан асқан әрбр бесінші ер кісі - остеопороз - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 50 жастан асқан әрбір үшінші әйел мен 60 жастан асқан әрбр бесінші ер кісі - остеопороз

Қазақстанда 50 жастан асқан әрбір үшінші әйел мен 60 жастан асқан әрбр бесінші ер кісі - остеопороз

Қазақстанда 50 жастан асқан әрбір үшінші әйел мен 60 жастан асқан әрбір бесінші ер кісі остеопорозбен сырқаттанатындықтан, сүйектері сынуы мүмкін, деп Қазақ тағамтану академиясының емдік тағам зертханасының меңгерушісі Роза Шәкиева мәлімдеді.

  • 14 Маусым 2011
  • 857
Фото - Caravan.kz

«Республикада 50 жастан асқан әрбір үшінші әйел мен 60 жастан асқан әрбір бесінші ер адам остеопениядан зардап шегеді, олардың сүйектерінің сыну ықтималдығы артады», деп Р.Шәкиева бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Оның айтуынша, остеопороз ерте өлімге және мүгедектікке әкеп соқтыратын кең таралған аурулардың бірі. Остеопороз инфекциялық емес патология арасында жүрек қантамырлар жүйесі, онкология, қант диабетінен кейін төртінші орынды алады.
Р.Шәкиеваның айтуынша, Қазақстанда қазіргі кезде «Қазақстан Республикасында остеопорозды профилактикалаудың кешенді бағдарламасын әзірлеу» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба «Қазақстанның ересек тұрғындарының белсенді жас ұзақтығын қамтамасыз етуде қартаюға қарсы үлгі әзірлеу» жөніндегі ұлттық бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады.
Жоба тоғыз кезеңнен тұратын және үш жылға есептелген зерттеуді қамтиды. Алғашқы үш кезеңде Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі остеопороз бойынша жоғары тәуекелдік тобына кіретін адамдардың тамақтану жағдайын зерттеп, олардың өмір сүру сапасын бағалайды.
Зерттеулер республиканың барлық облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында өткізіледі. Остеопороз және басқа аурулар арасындағы байланысты анықтауға бағытталған бесінші және алтыншы кезеңдер клиникалық және зертханалық тексеру әдістерін, оның ішінде рентгендік денситометрия пайдаланумен жүзеге асырылмақ. Зерттеу бағдарламасының соңғы үш кезеңі талдамалық және техникалық әзірленімдерді қамтиды. Олардың қорытындысы бойынша Қазақстанда алғашқы «Остеопорозды профилактикалаудың ұлттық бағдарламасы» құрылады, сондай-ақ остеопорозды профилактикалауға арналған жаңа отандық функционалдық тағам өнімдері мен белсенді биологиялық тағам қоспалары пайда болады, дейді ол.
Р.Шәкиева дұрыс тамақтанбау — осы сырқаттың пайда болудың кең таралған себептерінің бірі екенін атап көрсетуде.
«Тағам құрамында кальций тапшылығы остеопороздың өршуінің жалғыз ғана себебі емес. Остеопороз тәуекелдігі кезінде тамақтануда магний, фосфор, мыс, мырыш, дәрумендер, биофлавоноидтар, антиокиданттар секілді басқа тағамдық заттар белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Дұрыс тамақтану кезінде сүйек тіндері жақсарады және остеопороздық сыну тәуекелдігі азаяды. 50 жастан асқан әйелдер мен ерлер үшін кальций қажеттілігі тәулігіне 1500 мг кем емес мөлшерді құрайды. Кальций көбінесе сүт, сүзбе, ірімшік, қышқыл сүт тағамдарында болады», — дейді ол.
Осы баспасөз мәслихатында таратылған баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстанның әрбір тұрғыны орташа алғанда жылына 36 литр сүт ішеді, бұл күніне 100 мг кальций пайдалануға сәйкес келеді. Проблеманы шешуге қазақстандықтардың сүтті пайдалану мөлшерін еуропалық деңгейге жеткізуі ықпал етер еді. Мәселен, Германияда жан басына шаққанда жылына 90 литр сүт, Франция мен Ұлыбританияда — 100 литр, Финляндияда — 150 дитрден астам сүт пайдаланады. Еуропада орташа өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 75 жас, әйелдер үшін 81 жасты құрайтыны мәлім Қазақстанда 16,5 млн адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар