Қазақстанда 530 мыңнан астам оқушы қосымша білім алады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 530 мыңнан астам оқушы қосымша білім алады

Қазақстанда 530 мыңнан астам оқушы қосымша білім алады

Қазақстанда қосымша білім жүйесімен қамтылған балалардың саны 530 мыңнан асады,

  • 9 Қараша 2012
  • 449
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда қосымша білім жүйесімен қамтылған 6-18 жастың аралығындағы балалардың саны- 537 072, бұл жалпы оқушылар санының 21,8 пайызын құрайды», — делінген ведомство хабарламасында.

Хабарламада атап көрсетілгендей, жыл сайын 600-ден астам оқушы қосымша білім бойынша түрлі халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанып жатады.

Қосымша білім жүйесінде 13 784 педагог жұмыс істейді және олардың 30,9 пайызы — біліктілікті жетілдіру курстарынан өткен. Ағымдағы жылы 300 педагог біліктіліктерін арттырады.

Балаларды қосымша біліммен барынша қамтудың аясында Оқушылардың функионалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарда балаларға қосымша білім беру жүйесін жаңғырту және инновациялық оқыту технологияларын енгізу шаралары қарастырылып отыр.

Оған қоса, Ұлттық жоспардың аясында қосымша білім беру жүйесінің 418 ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8,9 млрд. теңге қаржы бөлінеді.

Айта кету керек, тәрбие жұмыстарын жетілдіру үшін Типтік кешенді жоспар бекітіліп отыр. Бұл жоспар бойынша тәрбиелеу бағдарламалары мен білім берудің барлық деңгейі бойынша көрсетілетін қызметтердің тиімділігіне мониторинг жүргізу, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістеметік құралдар, оқу әдебиеттерін басып шығару қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қосымша білімнің мазмұнын жетілдіру, қосымша білім беретін ұйымдардың желісін дамыту және балалардың қамтылу көрсеткішін 30 — 50 пайызға жеткізу шаралары қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар