Қазақстанда 57 үлестік құрылыс нысаны аяқсыз қалып отыр
![]() |
Қазақстанда барлық проблемалы үлескерлік құрылыс нысандары биылғы жылы аяқталады, деп Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісі жөніндегі агенттік басшысы Серік Нокин мәлімдеді. |
"2011 жылдың 1 маусымына шаққанда аяқталмаған 57 үлестік құрылыс нысаны қалып отыр. Оның 25-і Астанада, 18-і Алматыда, ал 14 құрылыс нысаны басқа аймақтарда. Барлық нысандар биылғы жылы аяқталмақ", - деп С.Нокин "Интерфакс-Қазақстан" агенттігімен болған сұхбатында атап көрсетті.
Республикада қабылданған шаралар барысында 54 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілді және 397 үлескерлік құрылыс нысаны іске қосылды.
С.Нокинмен сұхбаттың толық мәтінін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің www.interfax.kz сайтынан оқи аласыздар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін