«2011 жылдың 1 маусымына шаққанда аяқталмаған 57 үлестік құрылыс нысаны қалып отыр. Оның 25-і Астанада, 18-і Алматыда, ал 14 құрылыс нысаны басқа аймақтарда. Барлық нысандар биылғы жылы аяқталмақ», — деп С.Нокин «Интерфакс-Қазақстан» агенттігімен болған сұхбатында атап көрсетті.
Республикада қабылданған шаралар барысында 54 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілді және 397 үлескерлік құрылыс нысаны іске қосылды.
С.Нокинмен сұхбаттың толық мәтінін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің www.interfax.kz сайтынан оқи аласыздар.