Қазақстанда 8 оңалту орталығы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 8 оңалту орталығы салынады

Қазақстанда 8 оңалту орталығы салынады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның 8 облысында мүгедектігі бар тұлғаларға арналған оңалту орталықтарын (әрі қар

  • 6 Қазан 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның 8 облысында мүгедектігі бар тұлғаларға арналған оңалту орталықтарын (әрі қарай — орталық) салу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов төрағалық еткен жергілікті атқарушы органдармен кеңес барысында белгілі болды. 

5 облыста мұндай орталықтар жоқ, ал 3 облыста төсек-орындар жетіспейтіндіктен тиісті мекемелерге қосымша қажеттілік бар. 

Орталықтардың құрылысы үшін қазірдің өзінде аумағы 5 гектарға жуық жер телімдері бөлінген. Әкімдіктер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті әзірлеген үлгілік жобалық-сметалық құжаттаманы бекітуді күтуде. 

Құрылыс кезеңінде мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту қызметтерімен қамтуды қамтамасыз ету үшін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әкімдіктерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс немесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде орталықтарды ашуға жергілікті бюджеттерден қаражат қарастыру туралы ұсыныспен хат жолдайды. 

Бүгінгі таңда республикада 40 оңалту орталығы бар, оның 12-сі биыл іске қосылды. Бұл қамту ауқымын 42%-дан 50%-ға дейін ұлғайтты, 1,5 мың қосымша төсек-орын пайда болды
, — делінген хабарламада.

Жаңа орталықтардың құрылысы стационар жағдайында оңалту қызметіне мұқтаж барлық мүгедектігі бар тұлғалардың қажеттілігін өтейді. Қазіргі уақытта оңалту орталықтары жоқ аймақтарда күндізгі емдеу бөлімінде және үйде қызмет көрсетіледі.