Қазақстанда 9 мың жұмысшы тиісті жалақыларын ала алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 9 мың жұмысшы тиісті жалақыларын ала алмай отыр

Қазақстанда 9 мың жұмысшы тиісті жалақыларын ала алмай отыр

Бүгінде Қазақстанда жұмыс берушілердің жұмысшылар алдындағы жалақы қарызы 1 млрд. 137 млн. теңгеге жетті.

  • 7 Қараша 2012
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы конференцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті.

«Бұл — 9 мың жұмысшының жалақысы. Жұмыс берушілердің қарыз мерзімі үш айдан артық уақытқа дейін созылып жатады. Демек, жұмысшы кем дегенде үш ай бойы отбасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етпеген. Осының бәрі еңбек қатынастары саласындағы шиеленістерге әкеліп соқтырады», — дейді С.Әбденов.

Министр атап көрсеткендей, екі жылдың ішінде еңбек саласында 35 шиеленіс болды. Негізгі себеп — жалақыны уақытында төлемеу. «Ондай жағдайлардың басым бөлігі (76 пайыз) құрылыс және мұнай-газ саласында болып жатады», — деп атап көрсетті С.Әбденов.

Соңғы жаңалықтар