Қазақстанда 9 қыркүйекте үлестік құрылыс мәселесі бойынша интернет-конференция жүргізіле бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 9 қыркүйекте үлестік құрылыс мәселесі бойынша интернет-конференция жүргізіле бастайды

Қазақстанда 9 қыркүйекте үлестік құрылыс мәселесі бойынша интернет-конференция жүргізіле бастайды

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 9 қыркүйекте үлестік құрылыс мәселесі бойынша интернет-конференция жүргізіле бастайды. Бұл туралы ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 345
Фото - Caravan.kz

«Конференция регламенті бойынша үлескер өз сұрағын электронды үкіметтің порталына жолдайды, электронды үкіметтің порталы оны модераторға жібереді, модератор бұл сұрақты жауапты мемлекеттік органға жолдайды», — деді Қ. Есекеев.

«Интернет-конференцияға қатысушының өзі айқындайтын жауапты мемлекеттік орган жауабын жазып, электрондық сандық тәсілмей қол қойып, оны порталға жібереді, үлескер оны осы порталдан алады. Мемлекеттік органдар кез-келген сауалға 10 күнде жауап беруге тиіс», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар