Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді: Айыппұл көлемі де өсе ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді: Айыппұл көлемі де өсе ме?

Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді: Айыппұл көлемі де өсе ме?

Қазақстанда 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін көтерілді

  • 15 Мамыр 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін президент 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өсті.

"Алайда айыппұл санкциялары, салықтар мен басқа да төлемдер үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарда 3 063 теңге мөлшерінде бекітілген АЕК қолданылады", — делінген қаржы министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство ақпаратынша, әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін ұлғайды.


Осыны ескеріп, 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4 процентке артты.