Қазақстанда ағаш отырғызу айлығы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ағаш отырғызу айлығы басталады

Қазақстанда ағаш отырғызу айлығы басталады

Қазақстанда 2015 жылы «Ұлттық ағаш отырғызу күні» шарасы 11 сәуір мен 11 мамыр аралығында айлық шара түрінде өтеді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар мәлімдед

  • 10 Сәуiр 2015
  • 756
Фото - Caravan.kz

«Биылғы көктемде 11 сәуір мен 11 мамыр аралығында Қазақстан аумағында жаппай ағаш отырғызу жоспарланған. Ауа-райына қарай кейбір аймақтарда негізгі шаралар ерте немесе кеш өткізілуі мүмкін. Бұл пайдалы іс-шараға кез келген адам қатыса алады», — делінген ұйымдастырушылардың бүгінгі хабарламасында.

«Ұлттық ағаш отырғызу күнінде» ниет танытушылар тегін 100 ағаш көшетін ала алады. Ұйымдастырушылар жастар ұйымдарын, оқушылар, жергілікті тұрғындар мен өзге ұйымдар мен кәсіпорындарды шараға белсене ат салысуға шақыруда.


Ұйымдастырушылар мәлімдегендей, әкімдіктер ағаш отырғызуға белгілі бір аймақтарды алып, топырақты дайындайды, «Көгалдандыру қоры – 2050» орман тәлімбағы көшеттермен қамтамасыз етеді. Еріктілерге құрал-саймандар беріліп, нұсқаулықтар жүргізіледі.

Қазақстанда 19 сәуір ұлттық ағаш отырғызу күні болып саналады. 2014 жылы шара кезінде 600 мыңнан астам көшет отырғызылып, шараға еліміздің барлық өңірлерінен 100 мыңнан астам ерікті қатысты. Бұл экологиялық бастаманы үкімет қолдап, шараны жылда өткізуді ұйғарды.