Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында 21 тоннадан астам есірткі тәркіленді - ҚР ІІМ Есірткі саудасымен күрес комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында 21 тоннадан астам есірткі тәркіленді - ҚР ІІМ Есірткі саудасымен күрес комитеті

Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында 21 тоннадан астам есірткі тәркіленді - ҚР ІІМ Есірткі саудасымен күрес комитеті

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында 21 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифинг барысында ҚР ІІМ жанындағы Есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы Асқар Исағалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

«ҚР ІІМ жанындағы Есірткі саудасымен күрес комитеті ағымдағы жылдың 10 айында 21 тоннадан астам есірткі, соның ішінде 316 килограмм героинді заңсыз айналымнан шығарды. Тәкіленген героин көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 3 есе өсті», — деді А. Исағалиев.

Оның айтуынша, «есірткіге қатысты 47 қылмыс жасаған ұйымдасқан 7 қылмыстық топ жойылды. Оның екеуінің мүшесі түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды. Ең төменгі мерзім — 12 жыл. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша істерді сот қарауда, ал екеуі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр».

«Жыл басынан бері ішкі істер органдарында есірткі сататын 620 орын тіркеуде болып, 514-і жойылды. Ағымдағы жылдың 10 айында Есірткі саудасымен күрес комитеті есірткіге қатысты 8 мың қылмыстың бетін ашты, оның 3884-і есірткі сату дерегіне қатысты болса, 191 дерек — есірткі контрабандасына, 123 дерек — құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысты. Қазақстан бұрынғыдай есірткі транзиті жүзеге асырылатын ел қалпында қалып отыр «,-деді комитет төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар