Жарияланды: 410

Қазақстанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында инфляция 0,6% болды - Кәрім Мәсімов

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында инфляция 0,6% болды. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов іскерлік орта өкілдерімен өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында инфляция 0,6% болды, яғни, 9 айдағы инфляция 8,1%-ға тең", -деді Кәрім Мәсімов. "Біз 10%-дан кем деңгейде қалу мақсатын қойып отырмыз. Алдағы үш айда бізде ол үшін 1,9% қалды", -деді ол. "Халықаралық валюта қоры бірнеше күн бұрын Қазақстандағы инфляция 11,5% құрайды деп болжам айтқан. Ендігі үш айда қайсымыздың болжамымыз дұрыс болғанын байқаймыз", -деді үкімет басшысы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін