«Қазақстанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында инфляция 0,6% болды, яғни, 9 айдағы инфляция 8,1%-ға тең», -деді Кәрім Мәсімов.
«Біз 10%-дан кем деңгейде қалу мақсатын қойып отырмыз. Алдағы үш айда бізде ол үшін 1,9% қалды», -деді ол.
«Халықаралық валюта қоры бірнеше күн бұрын Қазақстандағы инфляция 11,5% құрайды деп болжам айтқан. Ендігі үш айда қайсымыздың болжамымыз дұрыс болғанын байқаймыз», -деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті