Қазақстанда ағымдағы жылы БАҚ-тардағы мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылды - мәдениет және ақпарат министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ағымдағы жылы БАҚ-тардағы мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылды - мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстанда ағымдағы жылы БАҚ-тардағы мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылды - мәдениет және ақпарат министрі

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы БАҚ-тардағы мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылды. Бұл туралы еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан парламенті сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қазан 2008
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 81 тақырып бойынша 94 баспа және электронды БАҚ-қа берілді, 2007 жылы 48 БАҚ-қа тапсырыс берілген», -деді М. Құл-Мұхаммед.

«Мен әлбетте, мемлекеттік емес БАҚ-тарды жан-жақты дамыту мен қолдауды жақтаймын, олардың келешегі бар», -деді министр. «Бірақ сонымен бірге кез-келген ел мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуден мүдделі, сол себепті біздің қызметтің дәл осы бағытын қолдау үшін министрлік мемлекеттік тапсырысты жеке меншік электрондық және баспа БАҚ-тарда орналастырады. Меніңше, бұл — дұрыс саясат», — деді ол.

«Біз осынау медиа құрылымдардың ішкі ісіне қол сұқпай-ақ, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырыс береміз», -деді М. Құл-Мұхаммед.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар