«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 81 тақырып бойынша 94 баспа және электронды БАҚ-қа берілді, 2007 жылы 48 БАҚ-қа тапсырыс берілген», -деді М. Құл-Мұхаммед.
«Мен әлбетте, мемлекеттік емес БАҚ-тарды жан-жақты дамыту мен қолдауды жақтаймын, олардың келешегі бар», -деді министр. «Бірақ сонымен бірге кез-келген ел мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуден мүдделі, сол себепті біздің қызметтің дәл осы бағытын қолдау үшін министрлік мемлекеттік тапсырысты жеке меншік электрондық және баспа БАҚ-тарда орналастырады. Меніңше, бұл — дұрыс саясат», — деді ол.
«Біз осынау медиа құрылымдардың ішкі ісіне қол сұқпай-ақ, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырыс береміз», -деді М. Құл-Мұхаммед.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті