Қазақстанда ағымдағы жылы ІІМ қызметкерлері бірқатар қылмыстық топтарды ұйымдастырушыларды құрықтады - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ағымдағы жылы ІІМ қызметкерлері бірқатар қылмыстық топтарды ұйымдастырушыларды құрықтады - ІІМ

Қазақстанда ағымдағы жылы ІІМ қызметкерлері бірқатар қылмыстық топтарды ұйымдастырушыларды құрықтады - ІІМ

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы ІІМ қызметкерлері бірқатар қылмыстық топтарды ұйымдастырушыларды. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полициясы басқармасының бастығы Арманбек Баймырзин бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қараша 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы баскесерлік, ұйымдасқан қылмыстық топтар құру және оларға басшылық жасау деректері бойынша 38 қылмыстық іс қозғалып, тапсырыспен жасалған 3 кісі өлтіру оқиғасының беті ашылды. Қылмыстық ортаның 43 «серкесі», ұйымдасқан қылмыстық топтардың 49 жетекшісі мен 229 қатысушысы қылмыстық жауапкершілік жүктеді, олардың 96 -сы түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айрвлды», — деді А. Баймырзин.

Мәселен, оның айтуынша, «бұрын бірнеше мәрте істі болған қылмыскер Рафаэль Бекбаевтың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Ол 2006 жылы темір тордың артынан шыққан соң Шымкентте бопсалаумен және ықпал жүргізу үшін криминалдық текетірестермен шұғылданатын қылмыстық топ құрып басқарған».

«Сөйтіп, нәтижесінде Бекбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айыру мекемелерінде сату үшін аса ірі көлемдегі героин партиясын сақтағаны үшін және ұстаған кезде қарсылық көрсеткені үшін сотталды», -деді А. Баймырзин.

«Осы жылдың қыркүйек айында Бекбаевтың бір сыбайласы, қылмыстық ортаның «еркелерінің бірі», Тито деген лақап атпен белгілі Қанат Мырзабаев жүк көліктерінің жүргізушілеріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 12 жылға сотталып, мүлкін тәркілетті», — деді ол.

«Сондай-ақ, оңтүстік аймақтың ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшелері Дикий Арман деген лақап атпен белгілі Жұмагелдиевтің қылмыстық әрекететрінің жолын кесті, ол Алматы мен Шымкенттегі бірқатар қылмыстық оқиғаларға қатысы бар. Жұмагелдиев қазір тұтқындалды, оның оңтүстік өңірдегі аса ауыр қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр», -деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, «Павлодар облысының аумағында Қалмақ деген лақап аты бар РФ тумасы Әнуар Рсаевтың қарақшылық шабуыл, ұрлық және тонаушылықпен айналысатын қылмыстық тобы жойылды. Оперативтік қызметкерлер оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жеткілікті дәлелдер жинады. Ағымдағы жылдың сәуір айында ұйымдасқан қылмыстық топтың алғашқы белсенді мүшелері, артынан оның жетекшісі қолға түсті»,- деді А.Баймырзин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар