Қазақстанда аккредитацияланған елшіліктердің өкілдері танысу мақсатындағы сапармен Батыс Қазақстан облысында жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда аккредитацияланған елшіліктердің өкілдері танысу мақсатындағы сапармен Батыс Қазақстан облысында жүр

Қазақстанда аккредитацияланған елшіліктердің өкілдері танысу мақсатындағы сапармен Батыс Қазақстан облысында жүр

ОРАЛ. 19-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда аккредитацияланған елшіліктердің өкілдері танысу мақсатындағы үш күндік сапармен Батыс Қазақстан облысында жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2006
  • 545
Фото - Caravan.kz

Өкілдер құрамында Беларусь, Италия елшіліктерінің, Әлемдік банк өкілдігінің, Әзербайжан, Грузия, Бельгия, Канада, Польша, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Украина елшіліктерінің жетекшілері бар.

Сапардың алғашқы күні елшілер «Василец»ЖШС, «Машина жасау компаниясы»АҚ, мен «Орал «Зенит» зауытында болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов елшілермен кездесу кезінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы дүниежүзінің 83 елімен ынтымақтасады. Соның ішінде Ресей, Беларусь, Израиль және АҚШ-пен етене жақын байланыс орнаған.

Бүгін елшілік жетекшілері Қарашығанақ кенішіне барады. Сенбіде олар Дарьинск ауылындағы Михаил Шолоховтың мұражай-үйін аралайды.

Перейти к новостям спорта