Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Болжам бойынша, солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
"Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, шығыста және орталықта – көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста — шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10-нан 18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8-ден 15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15-тен 20-ға дейін жылы болады", — делінген хабарламада.