Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады", — деп атап өтті Қазгидромет.
Еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа – райы соңғы циклонның ықпалымен, жаңбыр мен қар жауады. 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Жауын-шашынмен бірге тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Түнде республиканың батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз түседі.