Қазақстанда әлемдік дін лидерлерінің IV съезін өткізу тұжырымдамасы әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әлемдік дін лидерлерінің IV съезін өткізу тұжырымдамасы әзірленді

Қазақстанда әлемдік дін лидерлерінің IV съезін өткізу тұжырымдамасы әзірленді

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезінің хатшылығы Астанада 2012-ші жылы өтетін IV съезд тұжырымдамасын дайындады,

  • 21 Маусым 2011
  • 841
Фото - Caravan.kz

деп хатшылық төрағасы, сенат спикері Қайрат Мами мәлім етті.

«Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып біз өзімізге тақырыпты, күн тәртібін, съезд тұжырымдамасын айқындадық. Тұжырымдама аясында біз төрт тақырыптық блокты қарастырамыз: ХХІ-ші ғасырдағы дін рөлі, дін және мультимәдениет, жастар мен олардың ХХІ-шы ғасырдағы жауапкершілігі, дін мен әйелдердің рөлі Әскери қақтығыстар мен лаңкестік жеке, бөлек секцияның аясында талқыланады», — деп әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі хатшылығының жетекшісі Қайрат Мами хатшылықтың сейсенбі күнгі Х-шы отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша, хатшылықтың келесі отырысы «съезд қарсаңында 28-29-шы мамырда өтеді».

Бұрын хабарланғандай, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің кезекті IV-ші съезі Астанада 2012-ші жылы 30-31-ші мамырда өтетіндігі белгілі.

«Белгіленген мамырдың 30-31 деген датамен барлығы да келісті деп есептеймін», — деп мәдениет және діндердің халықаралық орталығының директоры А. Әбуов съезд хатшылығының дүйсенбі күнгі отырысында мәлім етті.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003, 2006, 2009-шы жылдары өткізілді. Дінаралық форум жұмысында беделді ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар