Қазақстанда "Әлеуметтік инновациялық технологиялар" АҚ құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Әлеуметтік инновациялық технологиялар" АҚ құрылады

Қазақстанда "Әлеуметтік инновациялық технологиялар" АҚ құрылады

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Әлеуметтік инновациялық технологиялар" АҚ құрылады. Бұл туралы бүгін "Мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігі экономиканы дамыту факторы" атты конференцияда "Қазына" тұрақты даму қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2007
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Үкіметтің тапсырмасымен біз қазір мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігінің негізінде мектептер мен ауруханалар салу жөніндегі әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Осы мақсатта «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ атты еншілес ұйым құрылады»,- деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ «мемлекет пен жеке меншік саланың әріптестігінің негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жөніндегі жобаны жүзеге асыру және әлеуметтік салаға инновациялық технологияларды енгізумен айналысады. Жаңа құрылым жобаның жүзеге асырылуын қадағалап, инжинирингтік қызметтер, халықаралық аудит пен қаржы тартуды іске асырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті