Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, өткен аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы – 1,3, ал айдың басынан бері – 9,1, жыл басынан бері 11,4 пайызға қымбаттаған. Жылдық мәнде 19 тауар атауын қамтитын азық-түлік бағасы 18,6 пайызға көтерілген. Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8,1 пайызға жоғары.
Сонымен бюроның статистикалық мәліметтеріне қарағанда, елімізде келесі азық-түліктердің орташа бағасы мынадай: бір келі ұн — 193, нан – 171, күріш – 265, қарақұмық – 458, күнбағыс майы – 788, сиыр еті – 2131, тауық еті – 1033, қант – 397, он дана жұмыртқа– 391 теңге.