Партия іргетасын қалаушылардың бірі- Мәжіліс депутаты Валерьян Землянов.
Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Партияның бағдарламаға арқау еткен басты мақсаты- Ата заңда жарияланғандай, Қазақстанда әлеуметтік сипаттағы мемлекет қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсат — партияның Ұлттық идеясына айналады дейді халық қалаулысы Валерьян Землянов.
Ал партияның басты міндеті — адамдардың еңбек ету құқығын қорғау, кедейлікті жою, ана мен баланы қорғау, әркімнің қолы жететін сапалы медициналық көмек пен білім беру, жырғаулы қарттықты қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа партияны құрушылар ендігі жерде аймақтарда өз ұйымдарын құрып, тіркеуден өтуді көздеп отыр.