Қазақстанда алғаш құрылған инженерлік кафедраға - 80 жыл
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Гидрогеология және инженерлік геология кафедрасына 80 жыл толып отыр. |
Бұл университеттегі ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша ең бірінші инженерлік кафедра болып саналады. Осыған орай, кафедраның 80 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Геология және жер қойнауы комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті және Қ.Сәтбаев атындағы КазҰТУ 30 қараша -1 желтоқсан аралығында «Қазіргі кезендегі гидрогеология және инженерлік геологиядағы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өткізеді. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінен хабарланды.
Конференция бағдарламасы пленарлық мәжіліс пен секциялардың жұмыстарынан тұрады. Онда жаңа жағдайлармен байланысты мәселелер, даму тенденциясы мен шешімдерінің негізгі бағыттары талқыға түспек. Атап айтқанда, өзекті саналатын жерасты және жерүсті суларының ресурстары (зерттеу және пайдалану), су ресурстарын басқару, олардың экологиялық мониторингі, трансшекаралық су мәселелер, ауызсумен қамтамасыз етуге дайындық шаралары талқыланады деп жоспарлануда.
Конференцияда Казақстан, Ресей және Өзбекстан өкілдерінің, алыс шет елдер ғалымдарының, Қ.Сәтбаев атындағы КазҰТУ магистранттары мен докторанттарының ғылыми баяндамалары мен хабарламалары тындалады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін