Қазақстанда алғаш рет 30-дан астам әскери оқу-жаттығулар өткізілді - ҚР Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алғаш рет 30-дан астам әскери оқу-жаттығулар өткізілді - ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда алғаш рет 30-дан астам әскери оқу-жаттығулар өткізілді - ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда алғаш рет биыл 30-дан астам әскери оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің жабық жағдайда өткізілетін алқа мәжілісінің алдында журналистерге берген сұхбатында Штаб бастықтарының комитеті төрағасының орынбасары Геннадий Носоновский мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Жауынгерлік дайындық айтарлықтай қарқандандырылды. Биыл біз 38 ірі әскери оқу-жаттығулар өткіздік, ал былтыр 14 болған», — деді Г. Носоновский.

Оның айтуынша, оқу-жаттығуларға 15 мыңнан астам адам қатысты.

«Екіншіден, біз — армияны толық қаруландырдық. Қазір модернизация жүргізілуде, Қазақстан Қарулы күштерін қайта қаруландыру мәселесі қарастырылуда»,- деді ол. Алдағы жоспарға тоқталған ол ішкі білім беру жүйесі толық қайта қаралады, деді. «Білім беру жүйесі жаңа жағдайлар мен уақыттың жаңаша ағымы ахуалында әскерді басқара алатын офицерлер мен командирлерді дайындай алатын деңгейге дейін жеткізіліп өзгертіледі»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар