Қазақстанда алғаш рет 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алғаш рет 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы өтеді

Қазақстанда алғаш рет 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы өтеді

Ертең, маусымның 7-cі күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Ғаламдық экономикалық даму: қарым-қатынас, бәсекелестік, ынтымақтастық» тақырыбында 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының жұмысы басталады.

  • 6 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Форум аясында ислам банкингі, қаржылық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, балама энергия көздерін, «халал» индустриясын дамыту және тағы басқа өзекті мәселелерді арнайы сессияларда талқылау жоспарланып отыр. Ол үшін Астанаға шетел мемлекеттерінен шамамен 2 мыңға жуық бизнес өкілдері, әлемдік деңгейдегі экономистер мен қаржыгерлер келеді. Сарапшылардың айтуынша, 7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық форумы Қазақстан үшін отандық экономиканың әлеуеті мен республиканың инвестициялық ахуалын көрсетудің, жаңа байланыстар орнату мен елге қосымша шетел инвестициясын тартудың бірегей мүмкіндігін туғызып отыр. Қазақстан Таяу Шығыс, Африка және Азияның оңтүстік шығыс елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыта алады. Форумда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сауд Арабия Корольдігі Үкіметі арасында конвенция, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ислам даму банкі арасында өзара түсіністік меморандумы және басқа да бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

Ертең, маусымның 7-сі күні іс-шара аясындағы іскер әйелдер форумы және жас көшбасшылар форумын ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ашса, 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының қор төрағасы Тун Муса Хитам атап көрсеткендей, осы жолы форумды қазақ жерінде өткізу ұсынысын Ұйымдастыру комитеті бірауыздан қолдады. «Мен өзім 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының Қазақстанда өткелі отырғанына аса қуаныштымын. Себебі мен бұл елдің мәдениеті мен салтын жақсы білемін. Біздің негізгі мақсатымыз — форум арқылы тек ислам елдері арасында ғана емес, жалпы барлық мемлекеттермен ынтымақтастық байланыстарды нығайтып, осы қарым-қатынасты ұлттық деңгейден жаһандық дәрежеге дейін көтеруді көздейміз», — деп атап көрсетті Тун Муса Хитам.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы ТМД және Орталық Азия аумағында алғаш рет өткелі отыр.

Соңғы жаңалықтар