Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.
Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігіне академик Әлкей Марғұланның бейнесі салынған. Портреттің сол жағына мемлекеттік тілде «Ә. МАРҒҰЛАН» деген жазумен айналдыра жиектеліп, екі жолға «100 ЖЫЛ» деген жазу, жартасқа салынған суреттің бейнелері және монетаның соғылған жылын білдіретін «2004» саны орналастырылған. Айналдыра шығыңқы кант жүргізілген.
Тиынның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Тиындар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі — 31 мм, қалыңдығы — 2 мм, массасы — 11.17 грамм.
Қыры (гурт) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Таралымы — 50 мың дана.
Ә.Марғұланның туғанына 100 жыл толуына арналған ескерткіш тиын ҚР аумағында жаппай белгіленген құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне, сондай-ақ, шотқа, салымға, аккредитивке есептеуге және аударымға міндетті түрде қабылдануға тиіс, республиканың барлық банктерінде шектеусіз қабылданады және айырбасталады.