Қазақстанда алкогольдік өнімдер жекелеген арнаулы дүкендерде сатылуы мүмкін - Ерғожин - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алкогольдік өнімдер жекелеген арнаулы дүкендерде сатылуы мүмкін - Ерғожин

Қазақстанда алкогольдік өнімдер жекелеген арнаулы дүкендерде сатылуы мүмкін - Ерғожин

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда алкогольдік өнімдер жекелеген арнаулы дүкендерде сатылуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Қазір «Алкогольдік өнімдердің айналымы туралы» жаңа заңның иұжырымдамасы талқылануда, осы жаңа тұжырымдама аясында алкогольдік өнімдерді жекелеген арнаулы дүкендерде сатуға тиіс екендігі қарастырылған», — деді Д. Ерғожин.

«Яғни, егер ол шағын дүкен болса ол дербес болуға, ал егер бұл ірі супермаркет болса, оның ішінде спиртті өнімдер сатылатын жеке аймақ болуға тиіс. Бұл біріншіден, өнімдерді араластырып жібермеуге, екіншіден алкогольдік өнімдердің тартымдылығын азайтуға мүмкіндік береді».

Сонымен бірге, заң жобасының тұжырымдамасында дүкендер мен салық комитеті арасындағы ақпарат алмасуды автоматтандыру идеясы көрініс тапқан.

Сонымен бірге, қаржы министрлігі алкогольді өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру мәселесін дәйектеуде. «Жаңа жүйе барлық зауыттарда орнатылып, тек өндірілген өнім мөлшерін, литрлер мен бөтелкелердің, тығындар мен акциздердің санын ғана емес, электр қуаты мен қоршаған ортаға шығарылған улы заттарды да, жанар-жағармай шығынын да бақылап санайтын болады. Ондай жағдайда кәсіпорында ешкім де жасырын өнім өндіре алмайды», — деді қаржы вице-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар