Қазақстанда алқа билер соты міндетті түрде болуға тиіс деп пайымдайды омбудсмен - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алқа билер соты міндетті түрде болуға тиіс деп пайымдайды  омбудсмен

Қазақстанда алқа билер соты міндетті түрде болуға тиіс деп пайымдайды омбудсмен

Қазақстанда алқа билер соты міндетті түрде болуға тиіс. Бүгін, 4-қарашада Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байқадамов парламент сенатының депутаттарымен кездесуде осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2005
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Біздің пікірімізше, Қазақстанда алқа билер соты міндетті түрде болуға тиіс»,- деді Б.Байқадамов депутаттар сауалына.

Омбудсменнің айтуынша, ол алқа билер сотының дүниежүзінде кеңінен таралған классикалық үлгісін таңдаған жөн деп санайды. «Бірақ біз құрлықтық үлгімен де келісеміз. Өйткені, алқа билердің болмағанынан, болғаны дұрыс. Ол тіпті бұл тұрғыда консервативтік көзқарастағы елдердің күткеніндей-ақ болсын мейлі. Ең негізгісі, алқа билердің жұмыс істей бастауында. Келе-келе бұл үлгінің тиімсіздігі байқалып жатса, біз классикалық үлгіге көше аламыз»,- деді Б.Байқадамов.

Перейти к новостям спорта