Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Фестивальда көптеген жүлделердің иегері, Америка мәдениеті, соның ішінде, Американың батысы мен үндістер туралы баяндайтын бес фильм көрсетілмек», — делінген хабарламада.
Атап айтсақ, «Бак» фильмі – америкалық ковбойдың өмірін, «Урбандану» фильмі – байырғы америкалықтардың ерікті қоныс аударуы туралы, «Қараңғы қала» — қоршаған ортаның ластануы туралы, «Сауықтыратын ойын» — онондага тайпасынан шыққан ағайынды жігіттердің өмірі, «Уранды драйв» — Колорадо штатындағы шағын жамағаттың тіршілігі жайлы баяндайды.
Фестиваль Астанада 25-қазанда, Қостанайда 26-27-қазанда, Қарағандыда 28-30-қазанда, Алматыда 31-қазан мен 2-қараша аралығында, Шымкентте 3-4-қарашада өтеді.