Қазақстанда ана мен бала өлімі қысқарып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ана мен бала өлімі қысқарып келеді

Қазақстанда ана мен бала өлімі қысқарып келеді

Соңғы жылдары Қазақстанда ана мен бала өлімі 2,5 есе қысқарды, деп «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тамара Вощенкова мәлім етті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 1017
Фото - Caravan.kz

« (…) Көрсеткіш төмендеп келеді, бүгін Денсаулық сақтау министрі де соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ана мен бала өлімі 2,5 есе төмендеген», — деді ол сейсенбі күні «Перинаталды медицинадағы заманауи технологиялар» тақырыбында Астанада өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

Оның айтуынша, қазақстандық мамандар «ана мен бала өлімін қысқартуға қол жеткізді» және біздегі көрсеткіш дамыған елдердің деңгейіне жақындап қалды.
«Біз ана мен бала өлімінің алдын алуға болатын себептерімен мықтап күресе бастадық. Бұл жерде алдыңғы қатарлы технологиялар негізгі рөл атқарады», — деді ол.
Т.Вощенкова ана өліміне — жүктілік кезінде аурудың асқынуы, бала өліміне — іште жатқанда пайда болатын кемістіктер әсер ететінін алға тартты.
«Біз үшін шетелдерде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы технологиялармен танысудың маңызы зор. Сол үшін біз конференцияға әр түрлі елдерден мамандар шақырдық.
Дегенмен, жоғарғы технология дегеніміз аса жоғары деңгейдегі қондырғы дегенді білдірмейді. Ол айы-күні жетпей, шала туған баланы қабылдап, жылы сақтау деген сөз. Бұл ондай балдардың 30 пайызының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, бұл дәлелденген», — дейді ол.
Сонымен қатар, «біздің мақсатымыз барлық ауылдарға жоғары технологияларды жеткізіп беру емес, дәрігерлер жүкті әйел мен жатырдағы шарананың денсаулығындағы ақауды дер кезінде анықтап, әйелді бізге жіберсе, біз ана мен бала орталығында оны тудырып аламыз» дейді Т.Вощенкова.

Соңғы жаңалықтар