Қазақстанда анықтамалық және жедел қызметтердің телефон нөмірлері кезең-кезеңмен ауыстырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.06
  • 536.21
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
10 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда анықтамалық және жедел қызметтердің телефон нөмірлері кезең-кезеңмен ауыстырыла бастады

Қазақстанда анықтамалық және жедел қызметтердің телефон нөмірлері кезең-кезеңмен ауыстырыла бастады

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанда анықтамалық және жедел қызметтердің телефон нөмірлері кезең-кезеңмен ауыстырыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне сілтеме жасап.

  • 14 Қаңтар 2009
  • 860
Фото - Caravan.kz

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (АБА) 2009 жылғы 9 қаңтар мен 31 наурыз аралығында анықтамалық қызметтердің, ал 15 наурыз бен 15 маусым аралығында жедел қызметтердің телефон нөмірлерін өзгертетін болады.

Нөлден басталатын (0ХX) анықтамалық қызметтердің бар нөмірлері бірліктен бастап басталатындардың (1XX) жаңа нөміріне ауыстырылады.

Алматы қаласы наурызда жаңа нөмірге өтеді. Осы уақытта республика аумағында 09 анықтамалық қызметінің нөмірі өзгереді.

Орталықтандырылған жөндеу ремонтының бюросының 065 нөмірі 165-ке, қалааралық және халықаралық сөйлесулердің тапсырысы — 071-ден 171-ге ауысады.

Ақылы анықтамалық-ақпараттық қызметке қоңырау шалу үшін 169 нөмірін пайдалану керек, қазіргі уақытта бірқатар қалаларда осы қызметке хабарласуы 068 нөмірі бойынша жүреді.

Анықтамалық және жедел қызметтердің ескі телефон нөмірлері үш ай бойы жаңалармен қатарлас қолданыста болады.

2009 жылғы 15 наурыздан бастап апаттық-құтқару және жедел қызметтерге қол жеткізілім нөмірлерін ауыстыру жүргізіледі: Қазақстанның барлық қалаларында 01 (101-ге ), 02 (102-ге), 03 (103-ке), 04 (104-ке), 051 (112-ге), сондай-ақ 09 қызметі (118-ге) ауыстырылады. Сол кезден бастап Алматыда бір уақытта анықтамалық-ақпараттық, тапсырыстық, апаттық-құтқару және жедел қызметтерінің нөмірлері бірден өзгеретілетін болады.

Апаттық-құтқару және жедел қызметтеріне хабарласудың ескі және жаңа нөмірлері 2009 жылғы 15 маусымға дейін қатар жұмыс істейді, бұдан соң жедел қызметтерге хабарласудың ескі нөмірлері пайдаланудан шығарылатын болады.

Бұл шараны Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі телефон нөмірлерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында іске асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті