Жарияланды: 790

Қазақстанда апатты гидротехникалық құрылыстар жоқ

Қазақстанда апатты гидротехникалық құрылыстар жоқ, деп мәлім етті ТЖМ вице-министрі Жанболат Смайылов.

«Жөндеуді қажет ететін құрылыстар бар, ал апатты күйдегі, ертең ауыр жағдай тудыруы мүмкін құрылыстар тіркелген жоқ», - деді Ж. Смайылов жұма күні ТЖ-ның алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында. Оның айтуынша, гидротехникалық құрылыстардың 90% бақылауға алынған. «Гидроқұрылыстардың барлығы дерлік жеке меншікте, коммуналдық, республикалық меншікте екені тіркеуге алынған», - деді вице-министр. Сондай-ақ, ол ТЖМ парламентке азаматтық қорғаныс туралы заң жобасын ұсынатынын хабарлады. Онда меншік иелерінің су рбъектілерінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін күшейту қарастырылған. «Жеке меншік иелері ( салғырттық танытқан жағдайда - ҚазТАГ) жазаланады ….әкімшілік айыппұлдар бар, қылмыстық қудалауға дейін», - деді вице-министр. Оның айтуынша, республикада 150-ге жуық жеке меншік гидроқұрылыс бар. Еске сала кетейік, 2010 жылы көктемде Алматы облысының Қызылағаш ауылында су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан қайғылы оқиға болды. 40-тан аса адам қаза тапты. 1998 жылы бұл су қоймасы шаруа қожалықтарының біріне ақысыз пайдалануға берілген. Су тасқыны салдарынан ауыл түгелдей зардап шекті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін