Қазақстанда арақ-шарап салығы 15 пайызға өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда арақ-шарап салығы 15 пайызға өседі

Қазақстанда арақ-шарап салығы 15 пайызға өседі

Қазақстанда алкоголь өнімдеріне салынатын акциз мөлшерлемесі 15%-ға өседі.

  • 11 Қараша 2015
  • 494
Фото - Caravan.kz


Бүгiн мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат енгізген түзетулерді қабылдады.

“Заң жобасына сенат 5 түзету енгізді. Олардың ішінде бір түзету алкоголь өніміне коньяк, бренди, шарап, шарап материалы, сыра және сыра сусынынан басқа акциздер мөлшерлемесін қайта қарауға қатысты. Бұл ретте заң жобасын мәжілісте қарастырғанда Кеден одағындағы әріптес елдерде қабылданғандай, алкоголь өніміне салықтың қолданыстағы акциз ставкасын келесі үш жылға өзгеріссіз қалдыру жөніндегі түзету депутаттармен енгізілген. Бірақ ол уақытта үкімет ондай шараға дайын болмағандықтан, өзінің қорытындысымен мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдамады. Заң жобасын сенатта қарау барысында үкімет өз шешімін қайта қарап, алкоголь өніміне акциз ставкасын күтіліп отырған 30 пайыздық өсімнен сенатпен ұсынылған қолданыстағы ставканы 10-ға емес, 15 пайызға ұлғайту жөнінде шешім қабылдады. Сенат енгізген түзетулер мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді”, – деді мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Оспанов.

Соңғы жаңалықтар