Қарағанды археологтары "Сарыарқа пирамидасын" жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады Виктор Новоженов Facebookпарақшасында.
Автордың жазуынша, бұл айшықты ескерткіш — Беғазы-Дәнідбай көсемінің кесенесі.
"Жаз бойы И.А.Кукушкин бастаған экспедиция нысанды жөндеуге дайындады, ал күзде тарих ғылымдарының кандидаты, танымал археолог А.З. Бейсенов бастаған мамандар тобы жобаны аяқтады. Енді еліміздің туристік картасында жаңа айшықты ескерткіш — Беғазы-Дәнідбай көсемінің кесенесі пайда болды", — деп хабарлады Новоженов.