Қазақстанда арнайы операция аясында іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда арнайы операция аясында іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер қамауға алынды

Қазақстанда арнайы операция аясында іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер қамауға алынды

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ішкі істер министрлігінің қызметкерлері "Іздеу салынады" атты арнайы операция аясында іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер қамауға алынды. Бұл туралы брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Мамыр 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Операция барысында іздеуде жүрген 419 қылмыскер тұтқындалды. Оның ішінде 11 кісі өлтіруші, қарақшылық шабуыл жасаған 10 азамат, 25 тонаушы бар», — деп толықтырды Б. Қожахметов. Сонымен бірге, Қазақстан полициясының қызметкерлері ТМД-ның өзге елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздеу салған 48 қылмыскерді қамауға алған.

«Іздеу салынады» операциясы іздеу салынған қылмыскерлерді тұтқындау, сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған азаматтардың мекен-жайын анықтау мақсатында мамырдың 18 мен 25 аралығында өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті