Қазақстанда арнайы тұрғын үй соттары құрылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда арнайы тұрғын үй соттары құрылуы мүмкін

Қазақстанда арнайы тұрғын үй соттары құрылуы мүмкін

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік (ҚІА) арнайы тұрғын үй соттарын құруды ұсынады. Бұл туралы ҚІА басшысы Серік Нокин мәлім етті.

  • 28 Маусым 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Біз мемлекетке арнайы тұрғын үй соттарын құруды ұсынамыз. Қазір барлық соттардың жүктемесі шамадан артық, (сот шешімін – ҚазТАГ) бір жылдан артық уақыт күтуге тура келеді», — деді С. Нокин сейсенбі күні «Көп пәтерлі тұрғын үйдерді жөндеу жұмыстарын қаржыландыру тетіктері» деген тақырыптағы семинарда.

«Мұндай соттар енгізілсе, ТКШ саласындағы даулы мәселелер бойынша шешімді 3 айдың ішінде алуға болады», — деді ол.

С. Нокиннің айтуынша, бұл бағытта жұмыс істейтін жұмыс тобы 2011 жылы құрылады, оған әкімдіктердің, ҚІА мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері кіреді.

Соңғы жаңалықтар