«Біз мемлекетке арнайы тұрғын үй соттарын құруды ұсынамыз. Қазір барлық соттардың жүктемесі шамадан артық, (сот шешімін – ҚазТАГ) бір жылдан артық уақыт күтуге тура келеді», — деді С. Нокин сейсенбі күні «Көп пәтерлі тұрғын үйдерді жөндеу жұмыстарын қаржыландыру тетіктері» деген тақырыптағы семинарда.
«Мұндай соттар енгізілсе, ТКШ саласындағы даулы мәселелер бойынша шешімді 3 айдың ішінде алуға болады», — деді ол.
С. Нокиннің айтуынша, бұл бағытта жұмыс істейтін жұмыс тобы 2011 жылы құрылады, оған әкімдіктердің, ҚІА мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері кіреді.