Қазақстанда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылады
Қазақстанда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылады. |
Үкіметтің сейсенбі күнгі отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі.
Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, ұлттық компанияның негізгі міндеті ЕХРО-2017 қалашығының жалпы инфрақұрылымы мен нысандарын жобалау және салу болып табылады.
Жуырда қаладағы нысандарды салу және құрылысқа дайындалу жөніндегі дирекция мен ұлттық кеңесші кеңсесі ашылмақ, деді министр.
Астана әкімдігі жанынан құрылатын дирекция қала инфрақұрылымын дамыту мен көрмені өткізуге даярлауды қолға алуы тиіс.
Е.Досаевтың айтуынша, Сыртқы істер министрлігімен аталған шараларды жүзеге асыру үшін ЕХРО-2017 көрмесін қолдау қорына 5 млн еуро салу мәселесі келісілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін